Басшының құттықтау сөзі
Құрметті елорда тұрғындары, сайтқа кірушілер!
Сіздер Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасының ресми WEB-сайтына қош келдіңіздер! «Электрондық Үкімет» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, Басқарма қала тұрғындарымен байланыстарының одан әрі дамуына және тереңдеуіне зор үміт артады. Әрбір сайтқа кіруші өзін толғандыратын сауалдарға толық жауап және басқарманың қызметі жөнінде ақпарат ала алады. Сайтта Астана қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда, елорданың төңірегінде азық-түлік белдеуін қалыптастыру, сауда объектілерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру және Астана қаласында тұрақтандыру қорының қызметі туралы ақпарат орналастырылған. сонымен қатар басқарманың құзыретіне улы химикаттар айналымы және ветеринария салаларында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды лицензиялау, сонымен қатар, қараусыз қалған жануарларды аулау бойынша жұмыс ұйымдастыру міндеттері жатады. Басқарманың ресми WEB-сайты Астана қаласының агроөнеркәсіп кешенің даму мәселелерін шешуге, кірушілер үшін ақпарат көзі және сенімді көмекшісі болатынына сенемін.
Сонымен қатар, біздің сайттың аса қажетті бөлімдерінің талдамасын толық түрде жасауға мүмкіндігіміз жоқ, сондықтан біз өзіміздің пайдаланушыларымызға өз ұсыныстарын енгізулерін сұраймыз және осы негізде ақпараттық ресурстарды әрі қарай оңтайландыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатын болады.
М. Далабаев