Сауалнама
Астана қаласының азық-түлік белдеу аясында ауыл шаруашылығын дамытуға не кедергі болады?

Нәтижелерді көрсету

Who's online

There are currently 0 users and 0 guests online.


Елорданың азық-түлік белдеуін дамыту бойынша жұмыстың барысы туралы ақпарат

Азық-түлік белдеуінің дамуы

     Елорданың төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту бойынша жұмыстары шеңберіңде Ақмола облысының әкімдігімен бірлескен қаулы және іс-шаралар жоспары бекітілген.

     Әлеуетті өнім берушілерді анықтау және Астана қаласына өнімдерді жеткізу келісім-шарттарын жасау мақсатында   ағымдағы жылдың 17,19 және 21 мамырда құрамында әкімдіктің, ӘКК  және қаланың сауда ұйымдар өкілдерінің тобымен Ақмола облысының аймақтарына іс-сапарлар жүзеге асырылды.

     Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік белдеуінің кәсіпорындарын дамыту мақсатында Астана қаласының ауыл шаруашылығы басқармасымен елорданың тұтыну нарығына Ақмола және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерімен ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізу мәселесі қарқынды пысықталынады, осыған байланысты елорданың сауда орындары жеңілдіктерді жою және басқа да қосымша алымдар арқылы өнімдерді өткізу қамтамасыз етеді.

    Бұлайша Ақмола облысының тауар өндірушілер үшін қаланың кейбір сауда орындарында ретробонустар және қосымша алымдарды жойылды, сәйкесінше жағдайлар тауар өндірушілердің үндеулерінің түсуіне қарай жедел іске асырылады.

     Қазіргі уақытта Ақмола облысының кәсіпорындарынан ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерін Астана қаласына жеткізу көлемі 20% ұлғайды.

   Сонымен қатар, елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар толық көрсетілген және оларды жүзеге асыруға жауапты тұлғалар анықталған, қала әкімдігінің Қаулысымен бекітілген Іс-шаралар жоспары іске асырылады.   

Бұл іс-шаралар жоспары 7 негізгі бағыттан тұрады:

1. қайта өндейтін кәсіпорындардың өндірістік қуаттылықпен жүктелуін қамтамасыз ету;

2. азық-түлік өндірісі мен қайта өңдеу саласында жаңа кәсіпорындардың құрылысы, көкөніс қоймаларының құрылысы;

3. тұрақтандыру қорын құру;

4. әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеу;

5. сауданың коммуналдық сауда объектілердің желісін кеңейту;

6. санитарлы-ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

7. тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарын қолдау.

Жоғарыда көрсетілген Жоспарға сәйкес Астана қаласы әкімдігімен келесі жұмыстар жүргізіледі.

Жедел шаралар

     Астана қаласының әкімдігі және сауда ұйымдары арасында 2012 жылға «Астана қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына көтерме-бөлшекті өткізуді жүзеге асыратын, сауда ұйымдарымен сауда үстеме (үстеме баға) мөлшерін қолдану және анықтау туралы» Меморандум жасалынды, оның шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесі қамтамасыз етіледі. Осы Меморандум шеңберінде әкімдік бағаның негізсіз жоғарлауына, сөз байласу деректерін болдырмауына, бағаның құрылуы процессімен, сауда ұйымдарында азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемелеріне мониторинг жүргізу арқылы Меморандум шарттарын жүзеге асыру және бақылауды қамтамасыз етеді. Күн сайын әкімдіктің қызметкерлерімен қаланың 9 базарларының және 43 супермаркеттерінің бағаларына мониторинг жүргізіледі (70% тауар айналысы).

    Әкімдік Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 1-сұрыпты ұнға және қалыпты нанға бағаның көтерілуін болдырмау мақсатында астықты қайта өңдеу кәсіпорындарына 28000 теңге белгіленген баға бойынша, жылына көлемі 57900 тонна және айына тиісінше 4825 тонна азық-түлік астықты жеткізу жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылады.

    Ағымдағы жылдың 7 тамызда Астана қаласының Әкімдігімен елорданың сауда объектілерімен және астықты қайта өңдейтін, наубайхана кәсіпорындарымен мемлекеттік қорлардан қаланың астықты қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізілетін азық – түліктік бидайдан өндірілетін ұнның  1-сұрыпына және қалыпты нанға шекті бағаны бекіту туралы Меморандумға қол қойылды.

     Нәтижесінде наубайхана кәсіпорындары үшін 1-сұрыпты ұнды өткізу 1 кг үшін  45 теңгеден артық емес баға бойынша және бөлшек желісінде бөлке үшін қалыпты нанды өткізу 50 теңгеден артық емес бағамен  жүзеге асырылады.

     Сонымен қатар, 2013 жылдың басынан бастап "Шапағат" коммуналдық базар аумағында жәрмеңкелер өткізілуде, 65 млн.теңге құрайтын өнім көлемі жалпы 8 жәрмеңке өткізілді.

    Сондай – ақ әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға 10% жеңілдік берілетін және төмендеген бағалар бойынша азық-түлік тауарлары өткізілетін 30 әлеуметтік павильоны жұмыс істейді. Анықтама ретінде: Ағымдағы жылдың баснына бастап әлеуметтік қорғалмаған халық деңгейіне жататын 24556 адамға сомасы 25,1 млн.теңгеге қызмет көрсетіп, жалпы сомасы 101,7 млн.теңге құрайтын жүзеге асырылған тауардың көлемі 687 тоннаны құрады.

Нарықтық механизмдерді қолдану арқылы жүйелі шаралар

Көкөніс қоймалары

    Қаланың тұрғындарын жеміс көкөніс өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында жалпы сақтау көлемі 60 000 тоннадан кем емес көкөніс қоймасы қажет.Қазіргі уақытта қала аумағында жалпы сақтау көлемі 22 850 тонна құрайтын 5 көкөніс қоймасы әрекет етеді, олардың ішінен 3 көкөніс қоймасы пайдалануға 2012 жылы берілді. жалпы сақтау көлемі 29 000 тонна құрайтын 4 жоба құрылыс сатысында, 4 жоба жобалау сатысында. Осы объектілерді пайдалануға беру кезінде қала қажеттілігі 100 %-ға жабылады.

Жылыжайлар

     Бүгінгі күні Астана қаласында жылына жалпы қуаттылығы 2000 тоннадан артық өнім өндіретін екі ірі жылыжай кешені – «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС және «Наурзалина» ЖК пайдалануға енгізілді. Сондай-ақ, қала аумағында жалпы қуаттылығы 3 500 тонна құрайтын 3 жылыжай бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Толық қуаттылыққа шыққан кезде осы объектілер қала тұрғындарының өсуін ескере, маусымаралықта қаланың жылыжай өнімдерінде (қияр, қызғанақ) қажеттілігін 80% жабады.

 Жаңа қайта өңдеу кәсіпорындарын салу

    Индустриалды саябақ территориясында «Мир круп» ЖШС жармаларды қайта өңдеу бойынша көп салалы кешенің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, жылына өндіріс көлемі 1800 тонна ет өнімдерін өндіру бойынша «Бакунов» ЖК жобалау сатысында тұр.

Әрекеттегі кәсіпорындарды қолдау

     Іс-шаралар жоспары шеңберінде елорданың қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргүзілуде, объектілерге тұрақты мониторинг жүзеге асырылады. Осы жұмыс барысында қаланың кәсіпорындарын өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер учаскелерін, «Бизнестің 2020 жол картасы» бағдарламасына сәйкес несие құралдарын беру бойынша бүкіл қажетті көмек көрсетіледі.

(Анықтама ретінде: ағымдағы жылы «Пищекомбинат Астаналық» ЖШС, «Удача» ЖШС, «ӘКК«Астана» АҚ жол салу жоспарлануда, кірме жолдары жөнделді және жүріс қамтамасыз етілді, «Ротор» ЖШС, «Аран и Ко» ЖШС су құбырын жөндеу жүзеге асырылды, «Рухаз» электрстанциясында кабель ауыстыру жүзеге асырылды және «Тау су лтд»  ЖШС электр энергиясының қуаттылығы қосылды,өндірісті кеңейту мақсатында «Emili company» ЖШС жер учаскесі бөлінді.