Сауалнама
Астана қаласының азық-түлік белдеу аясында ауыл шаруашылығын дамытуға не кедергі болады?

Нәтижелерді көрсету

Who's online

There are currently 0 users and 0 guests online.


Астана қаласының әкімдігі және Павлодар облысы әкімдігінің арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды жүзеге асыру жөніндегі келісім

Астана қаласының әкімдігі және Павлодар облысы әкімдігінің арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды жүзеге асыру жөніндегі КЕЛІСІМ

Астана қаласының және Павлодар облысының әкімдіктері, бұдан әрі Тараптар деп аталып, төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:

1-бап

Тараптар өз құзыреті шеңберінде сауда-экономикалық саладағы байланыстарды кеңейтудегі өзара қызығушылықты ескере отырып, Астана қаласының және Павлодар облысының арасындағы теңдік, өзара пайда, өзара түсіністік және құрмет қағидаттарында ұзақ мерзімді байланыстарды анықтайды және дамытады.

2-бап

Тараптар Астана қаласының және Павлодар облысының Астана қаласының азық-түлік қауіпсіздігін құру шеңберінде іскер байланыстарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.

3-бап

Тараптар өз құзыреті шеңберінде ақпаратпен үнемі ауысу, сауда-экономикалық әріптестіктің бірлескен көрме-жәрмеңке іс-шараларын ұйымдастыру, елорданың базарларында Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері (бұдан әрі – АШТӨ) өндірген өнімді жылжыту арқылы өңіраралық байланыс саласындағы ынтымақтастықты дамытады.

4-бап

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру үшін Тараптар сауданы, ауылшаруашылық өнімін сатуды және сақтауды дамытуға ықпал етеді.

Астана қаласының әкімдігі: 

1) «Шапағат» коммуналдық базарында Павлодар облысының АШТӨ үшін кемінде 10 (он) сауда орнын жеңілдіктілген шартпен ұсынады;

2) Павлодар облысының кәсіпкерлеріне ауылшаруашылық өнімдерін сату үшін мамандандырылған дүкендер ұсынады;

3) Павлодар облысының өндірушілеріне өнімді сақтау үшін жағдай жасайды;

4) Павлодар облысының АШТӨ сауда қызметін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасайды;

5) Астана қаласының тұрғындары арасында тұрақты негізде ақпараттық жұмыс жүргізеді.

Павлодар облысының әкімдігі:

1) Павлодар облысының АШТӨ өнімдерінің «Шапағат» коммуналдық базарында және мамандандырылған дүкендерде мынадай негізгі тамақ түрлерінің сатылуын қамтамасыз етеді:

ет тағамдары: сиыр еті, қой еті, жылқы еті, қайта өңделген ет өнімдері – шұжық өнімдері, деликатестер, еттен жасалған жартылай шикізат, ет-өсімдік консервілері және жұмыртқа;

сүт өнімдері: ірімшіктер, сары май, бөтелкедегі қымыз және тағы басқалары;

бакалея: өсімдік майы, ұн, жармалар, қант, бал және кондитерлік өнімдер;

картоп, көкөніс;

2) үзіліссіз сатылым үшін өнімнің қажетті көлемімен қамтамасыз етеді;

3) Павлодар облысының АШТӨ өніміне тиісті сапа және қауіпсіздік құжаттарының бар болуына кепілдік береді;

4) өнімнің Астана қаласы бойынша нарықтарға қарағанда төмен баға  бойынша  сатылуын қамтамасыз етеді.

5-бап

Әр Тарап басқа Тарапқа экономикалық немесе басқа да зиян келтіруі мүмкін іс-қимылдан тартынады, басқа Тараптың құқығын және заңдық мүддесін қозғайтын қабылданған шешімдерді келіседі және олар туралы алдын ала ақпараттандырады.

6-бап

Осы Келісімді түсiндiру, қолдану немесе орындалуы бойынша келіспеушіліктер Тараптар арасында екі жақты кеңес беру немесе келіссөздер арқылы шешіледі.

7-бап

Осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар оны жасау үшін белгіленген тәртіпте енгізіледі және қосымша келісімдермен ресімделеді.

8-бап

Осы Келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

2015 жылғы 25 қыркүйегінде екі данада, әрқайсысы бірдей заңдық күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды.