Сауалнама
Астана қаласының азық-түлік белдеу аясында ауыл шаруашылығын дамытуға не кедергі болады?

Нәтижелерді көрсету

Who's online

There are currently 0 users and 2 guests online.


21.06.17

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының төменгібос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс жариялайды

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының төменгібос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жалпы конкурс жариялайды:  (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, №206 кабинет, анықтама телефондары: 8(7172) 55-01-81,i.abulkhalykov@astana.k).

 

1.Ветеринария және өсімдіктерді қорғау бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік): Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 431 дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес препараттар өндіруден басқа ветеринария саласында лицензиялау; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру; ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорын жүргізуді ұйымдастыру; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру; эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу; тиісті әкімшілік-аумақтың бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:ішкі сауда объектілерінде;жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру; мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғаларға қатысты орындалуы міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау; ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну; жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру; ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу; уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру; процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттардың нөмірін жеткізуге келісім – шарт жасалғанға дейін жеткізушіге ақпаратты беру; ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру; ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету; ветеринария және өсімдіктану саласындағы лицензиаттарға постлицензиялық қадағалау жасау;Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу; мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу; жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу; жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларға қатысу; ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру; алдын алу және диагностика шаралары бюджеттік қаражат есебінен жүргізілетін жануарлардың энзоотикалық ауруларының тізбесін жасау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл салу; ветеринария саласында мемлекеттік қызметтердің регламентін жасау; жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарау және өз құзіреті шегінде құжаттар беру; бөлімнің құзырына сәйкес басқа да функциялар мен міндеттер.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Ветеринария  саласындағы жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік): Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 431 дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:Астана қаласы төңірегінде азық-түлік белдеуін қалыптастыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

Астана қаласының тұтыну нарығына азық-түліктің негізгі түрлерін жеткізуді қажет болған ұйымдастаруға көмек көрсету;

Елорданың азық-түлік нарығына отандық тауар өндірушілердің – Астана қаласы жанындағы азық-түлік белдеуінің қатысушылардың шығуын қаматасыз ету;

Астана қаласы төңірегіндегі азық-түлік қауіпсіздігі белдеуіне қатысушы-өндіруші кәсіпорындардың тауарларының Астана қаласының азық-түлік базарларына шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларға баға құрылуына мониторинг жүргізу мақсатында  сауда объектілермен өзара әрекеттесу;Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларға бағалар бойынша жағдайды бақылау мақсатында негізгі жабдықтаушылармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

Астана қаласының азық-түлік тауарлар қорының көлемін анықтау мақсатында шеңберінде сауда объектілеріне шығу іс-шараларды жүзеге асыру;

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларына тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында шығу іс-шараларын жүргізу;Астық қабылдау кәсіпорындарына жыл сайынғы біліктілік талаптарының бас лицензияны сәйкестігін растау үшін қатысу;

Астық қабылдау кәсіпорындары бұрмалаушылық болған жағдайда астық нарығындағы қатысушыларының жазбаша өтініштері бойынша астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру жүргізу, астық қолханының реестрінің мәліметіне сәйкес астықты сақтауды қамтамасыз ету  және астықты сандық-сапалық есепке алу талаптарын сақтай отырып жүргізу. Астық қабылдау кәсіпорындарын тексеру қорытындысы бойынша акт жасау;

Астана қаласының агрөнеркәсіптік кешенінің дамуының ақпараттық сүймелдеуге қолдау көрсету;

Астана қаласының агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне инвестициялық салынымдар кезінде келтірілген шығындардың орнын толтыру үшін субсидия бөлу;Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарау;Бөлім құзыретіне жататын басқа да функциялар. 

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, ауыл шаруашылығы ғылымдары, құқық саласындағы жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

3. Персоналды басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің бас маманы (D-O-4 санаты, 1 бірлік) негізгі қызметкер 2019 жылдың 27 маусымға дейін бала күтуміне демалыста болғанына: Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 431 дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Қызметшілердің жеке істерін жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына (қызмет ету тізімдеріне) қажетті жазбаларды енгізу; Бос тұрған лауазымға үміткерлерге өтінімдерді құрастыру, кадрлық мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды дайындау; Басқарма қызметкерлердің функционалдық міндеттерін әзірлеу; Шығыс және кіріс құжаттарының тіркелуін жүргізу; Жоғары органдардың  ресми сұранымдарына уақытылы ақпарат дайындау; Өкілетті органдарға құжаттамалық қамтамасыз ету мәселесі бойынша есеп беру; Басқарманың мұрағатын жүргізу және құжаттардың арнайы есебін жүргізу; «Лотус» тіркеу жүйесінің дерек қорын жүргізу; «Е-кызмет» ақпараттық жүйесін жүргізу; Қызметтік куәліктерді есепке алу мен беру; Қызметкерлердің демалыс кестесін құру; Қызметкерлердің жұмыс уақыты бойынша есептік табель жүргізу; Басқарманың құжат бланктеріне қатаң есеп жүргізу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңды бекітілген мерзімде қарау; Бөлім құзыретіне жататын басқа да функциялар.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Техникалық ғылымдар және технология, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару);

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш*;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанға сәйкес толтырылған “Б” корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі*; 

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);            

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;     

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);                   

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. гер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру "Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күніішінде"Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде (010000 Астанақаласы,Бейбітшілік көшесі, 11, № 206 кабинет) қабылданады. 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

 Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде"Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде (Астанақаласы, Бейбітшілік көшесі, 11) өтеді.

Конкурс комиссиясы отырысына байқаушылар қатыстырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

 

 

«Астана қаласының

Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

                                                                                                                  (мемлекеттік орган)  

 

Өтініш

 

     Мені___________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
     Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
     Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

     Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

 

__________                       _______________________________
  (қолы)                                      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

«____»_______________ 20__ ж.

 

 

 

"Б" корпусыныңмемлекеттік
әкімшіліклауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 

Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, атыжәнеәкесініңаты (болғанжағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения



4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы (болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



5.

Шетелтілдерінбілуі/
Владение иностранными языками



6.

Мемлекеттікнаградалары, құрметтіатақтары (болғанжағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



7.

Дипломатиялықдәрежесі, әскери, арнайыатақтары, сыныптықшені (болғанжағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



8.

Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



9.

Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

 

Скачать