Сауалнама
Астана қаласының азық-түлік белдеу аясында ауыл шаруашылығын дамытуға не кедергі болады?

Нәтижелерді көрсету

Who's online

There are currently 0 users and 0 guests online.


26.06.17

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің арасындағы ішкі конкурс жариялайды

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің арасындағы ішкі конкурс жариялайды:  (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 206 кабинет, анықтама телефондары: 8(7172) 55-69-81, i.abulkhalykov@astana.kz).

 

1. Заң бөлімінің басшысы (D-O-3 санаты, 1 бірлік): Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекеменің қызметінде заңдылықтың сақталуын және құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету,  сот, прокуратура органдарымен өзара әрекеттесу;

Мемлекеттік органдарда және мекемелерде мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселесін қарастыру кезінде Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бекітілген ретпен Басқарманың мүддесін қорғау; Наразылық-талап жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру;

Басқарма қызметіне қатысты Астана қаласы әкімдігінің акт  жобаларын дайындауға қатысу немесе дайындау; Шаруашылық қатынасты реттейтін келісім шарттарды дайындауға қатысу;

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша келісім шарттардың, ережелердің, нұсқаулықтардың және бұйрық жобаларының заңдылық сараптамасын жүзеге асыру;

Қызметкерлердің жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау және еңбек және орындау тәртібін сақтауын қадағалау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шара Жоспарларын дайындау;

Құқықтық жұмыстың әдістемелік басқаруды қамтамасыз ету және Басқармада Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

Талдау хаттарды, анықтамаларды, ақпараттарды және басқа құжаттарды дайындау, Басқарманың заң саласында туындаған мәселелер бойынша кеңес, ескертулер мен ұсыныстар және қорытындылар жасау;

Басқарманың аттестациялық, конкурстық және тәртіптік комиссияның жұмысына қатысу, қызметтік тексеріс материалдарын қарастыру кезінде кеңестік көмек көрсету; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңды бекітілген мерзімде қарау;

Бөлімнің құзыретіне жататын басқа да функцияларды  атқару.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар

Білімі бойынша талаптар: Құқық саласындағы жоғары білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: 

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

2. Персоналды басқару және құжаттамалық қамтамасыз ету

қызметінің басшысы (D-O-3 санаты, 1 бірлік) негізгі қызметкер 2019 жылдың 15 маусымға дейін бала күтуміне демалыста болғанына: Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру, бөлімді басқару;

Жоғарғы органдардың құжаттарын уақытылы орындалуына бақылау жүргізу;

Басқарманың тәртіптік, конкурстық және аттестациялық комиссиялардың қызметін  ұйымдастыру;

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызмет өткеруіне байланысты шешімдерін рәсімдеу, қызметшілердің жеке істерін жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің еңбек кітапшаларына (қызметтік тізімдеріне) қажетті жазбаларды енгізу;

Құзырлы органға тапсыру үшін бос тұрған лауазымдар тізімін, бос тұрған лауазымға қызметші алуға өтінімдерді және басқа да қажетті ақпараттарды уақытылы ұсыну;

Қызметкерлердің функционалдық міндеттерін және талаптарын әзірлеу және бекіту;

 Жеке құрам бойынша бұйрықтың жобаларын әзірлеу;

Өкілетті органдарға кадрлық мәселелер бойынша есептерді ұсыну;

Басқарма мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру және арнайы есеп жүргізу;

«Персоналды басқару» және «Е-кызмет» ақпараттық жүйесін жүргізу;

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау мен біліктілігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру;

Басқарманың мемлекеттік қызметкерлердің жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыруға бақылау жасау;

Қызметтік куәліктерді есепке алу мен беруді ұйымдастыру;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңды бекітілген мерзімде қарау, жүгінулер мен бақылау құжаттарын мерзімінде орындауға мониторинг жүргізу;

Демалыс кестесін әзірлеу және орындалуына бақылау жүргізу;

Бөлімнің құзыретіне жататын басқа да функцияларды  атқару.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар

Білімі бойынша талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), құқық саласындағы жоғары білімі

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің арасындағы ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағатқа бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Астана қаласының Ауыл шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 2 қабат, 206 кабинет) қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Үміткерлермен әңгімелесу Астана қаласының Ауыл шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 2 қабат, 206 кабинет) әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

 

скачать