Сауалнама
Астана қаласының азық-түлік белдеу аясында ауыл шаруашылығын дамытуға не кедергі болады?

Нәтижелерді көрсету

Who's online

There are currently 0 users and 0 guests online.


16.08.17

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 206 кабинет, телефоны: 8(7172) 55-01-81, электронды мекенжайы: m.besmeldinova@astana.kz) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс  жариялайды: 

 

1. Заң бөлімінің басшысы (D-O-3 санаты, 1 бірлік): Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 109932 теңгеден 148242 дейін.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекеменің қызметінде заңдылықтың сақталуын және құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету,  сот, прокуратура органдарымен өзара әрекеттесу;

Мемлекеттік органдарда және мекемелерде мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселесін қарастыру кезінде Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бекітілген ретпен Басқарманың мүддесін қорғау; Наразылық-талап жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру;

Басқарма қызметіне қатысты Астана қаласы әкімдігінің акт  жобаларын дайындауға қатысу немесе дайындау; Шаруашылық қатынасты реттейтін келісім шарттарды дайындауға қатысу;

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша келісім шарттардың, ережелердің, нұсқаулықтардың және бұйрық жобаларының заңдылық сараптамасын жүзеге асыру;

Қызметкерлердің жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау және еңбек және орындау тәртібін сақтауын қадағалау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шара Жоспарларын дайындау;

Құқықтық жұмыстың әдістемелік басқаруды қамтамасыз ету және Басқармада Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

Талдау хаттарды, анықтамаларды, ақпараттарды және басқа құжаттарды дайындау, Басқарманың заң саласында туындаған мәселелер бойынша кеңес, ескертулер мен ұсыныстар және қорытындылар жасау;

Басқарманың аттестациялық, конкурстық және тәртіптік комиссияның жұмысына қатысу, қызметтік тексеріс материалдарын қарастыру кезінде кеңестік көмек көрсету; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңды бекітілген мерзімде қарау;

Бөлімнің құзыретіне жататын басқа да функцияларды  атқару.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: Құқық саласындағы жоғары білімі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі  талаптартардың біріне сәйкес болуы тиіс: 

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысандағы өтініш (қоса беріледі*);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған  қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  есептеледі  де Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 206 кабинет)  қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11) өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа беру тәртібімен шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

 

скачать