Сауалнама
Астана қаласының азық-түлік белдеу аясында ауыл шаруашылығын дамытуға не кедергі болады?

Нәтижелерді көрсету

Who's online

There are currently 0 users and 0 guests online.


28.09.17

2017 жылғы 29 қыркүйектегі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» барлық филиалында биылға осымен үшінші рет Ашық есік күні шарасы өтеді.

Төлемдер – қор жинаудың жемісі

      2017 жылғы 29 қыркүйектегі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» барлық филиалында биылға осымен  үшінші рет Ашық есік күні шарасы өтеді. Тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған бұл шараның кезекті тақырыбы «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» деп аталады.

      «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» тұрғындар арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Әрине, осындай  жұмыстар барысында зейнетақы төлемдеріне  қатысты  сұрақтардың барлығы да қамтылатындығы сөзсіз.

      Ал,  қазақстандықтар алдағы болатын Ашық есік күні шарасына қатыса отырып, кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебіненкімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі туралы толыққанды мағлұматтар алатын болады.

      «Салымшылардың көпшілігі зейнет жасына жақындағанда барып зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі мен ерекшеліктері туралы білуге талпына бастайтындығы жасырын емес. Көп адам ерікті зейнетақы жарналары  есебінен зейнетақы  жинақтарын алу  мүмкіндігі мен зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда  оларды  сақтандыру ұйымдарына аударуға болатындығы жайында тіпті бейхабар. Одан басқа; өмірде әр түрлі  жағдайлар орын  алады емес пе !? Мысалы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуге немесе зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға қатысты мәселелер туындайды.»

       Зейнетақы төлемдерін алу құқығы, зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың замануи тәртібі және оның болашақта қандай өзгерістерге ұшырайтындығы туралы Қор мамандары өздерінің 29 қыркүйектегі шара аясында өткізетун таныстырылымы аясында жан-жақты әңгімелейтін болады. Сонымен қатар, БЗЖҚ-ның салымшылары мен алушылары осы таныстырылымнан кейін өздерін қызықтыратын барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алады

       Естеріңізге сала кетелік, «БЖЗҚ» АҚ алғашқы Ашық есік күні шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызында өткізілген болатын. Оның басты тақырыбы «Зейнетақы жүйесі қалай құрылған» деп аталды. Ал, «Барлық салымшыға» қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбына арналған екінші шара 30 маусымда өткізілді. Зейнетақы Қоры әр түрлі тақырыпқа арналған осындай шараларды алдағы уақытта да үш ай сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр.