Сауалнама
Астана қаласының азық-түлік белдеу аясында ауыл шаруашылығын дамытуға не кедергі болады?

Нәтижелерді көрсету

Who's online

There are currently 0 users and 2 guests online.


29.11.17

Тракторлар және машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру

"Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру"

 

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1. Машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) тіркеу пунктіне мыналарды ұсынады:

2. Нысан бойынша өтініш;

3. Жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен түпнұсқасы және мекенжай анықтамасы;

4. Заңды тұлғалар үшiн – құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;

5. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін немесе мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алымдар төленгені туралы құжат;

Мынадай жағдайларды қоспағанда, машина:

кәдеге жаратылса (жарамсыз болса, есептен шығарылса);

машинаны тіркеу пунктіне қарап тексеруге алып келуге кедергi болатын объективті мән-жайлар (бұзылып қалуы, габариті және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкіндік бермеуі) болса, инженер-инспектор жасаған машиналарды техникалық қарап тексеру актісін машинаның тұрған жерi бойынша беруге рұқсат етіледі, бұл ретте мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды;

шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарыз) түпнұсқасы мен көшірмесі, соттың шешiмi немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар немесе қарапайым мәміле нысаны, ал шаруа (фермерлік) қожалықтарын қоспағанда, жеке тұлғалар арасында жасалған мәміле жағдайында – қарапайым мәміле нысаны;

машинаның тiркеу құжаты және нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенін растайтын құжат;

мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларациясының (кедендік декларация) көшірмесі.

Меншiк иесiнің немесе иеленушiнің атынан тiркеу іс-қимылдарын олардың өкiлдерi жүзеге асырған жағдайларда, тiркеу пунктiне осы тармақта белгiленген құжаттардан бөлек меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiру өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.

Егер, мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болған машина ұсынылса, онда тіркеу пунктіне осы тармақта белгiленген құжаттардан бөлек бұрынғы тіркеу құжаты ұсынылады, алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

Меншік иелері болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-қимылдарын жүзеге асыру үшін тіркеу іс-қимылдарының бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгіленген құжаттардан бөлек тіркеу пунктіне шарттардың (жалдау, қосалқы жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге беру) және машинаны қабылдау-беру актiсiнің түпнұсқасы мен көшiрмесiн немесе машинаны иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады. Сондай-ақ тіркеу іс-қимылдарының бастамашылары тиісті тіркеу іс-қимылын жасауға меншiк иесi (жеке тұлғалар үшін) немесе заңды тұлғаның бірінші орынбасары (заңды тұлғалар үшін) қол қойған, мөрмен расталған (заңды тұлғалар үшін) машина иесінің жазбаша келісімін ұсынады.

Егер, тiркеу iс-қимылдары жүргізілетін машина ортақ меншiкте болса, тiркеу құжаттарында барлық меншiк иелерi көрсетiледi және құжаттар машинаның барлық иелерiнің атынан берiледi. Жеке тұлғаларды ортақ меншіктен шығаруға негіз болып нотариалды куәландырылған мәміле саналады.

Егер, меншік иелері 14 жасқа толмаған, кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтар болса, олардың атынан тiркеу іс-қимылдарын ата-аналары (асырап алушылары) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншылық және қамқоршылық органдары жасайды.

Меншік иелері 14-тен 18 жасқа дейінгі адамдар болған жағдайда, тіркеу іс-қимылдарын ата-аналарының (асырап алушыларының) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жазбаша келісімімен осы адамдар жасайды.

Жеке және заңды тұлғалардың аукциондардан және сауда биржаларынан сатып алған машиналарын тіркеу тіркеу пункттеріне тиісті мөрлермен және уәкілетті адамдардың қолтаңбаларымен расталған аукционның хаттамасы мен сату-сатып алу шарты ұсынылғаннан кейін жүргізіледі.

Машиналарды тіркеген (уақытша тіркеген), қайта тіркеген, тіркеу есебінен шығарған кезде қажетті құжаттар тіркеу пунктіне ұсынылады, онда осы стандарттың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру жүзеге асырылады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбалар енгізіледі.

Құжаттарды қабылдау аяқталған соң өтініш берушіге қажетті құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініш көшірмесі беріледі;

2) портал арқылы жүгінген кезде: 

1. Электрондық құжат нысанында өтініш;

2. Машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі.

3. Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

 

Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы бойынша баж төленеді

 

Мемлекеттік тіркеу

0,25 АЕӨК

Код 105429

Техникалық паспорт

 0,5 АЕӨК 

Код 108125

Мемлекеттік номерлік белгі

1 АЕӨК 

 Код 108125

 
 
 
 
 
 
 
 

 

РНН  620300000000, БИК   KKMFKZ,  р/с (иик)  KZ24070105KSN0000000  кбе-11 

БСН 981140001115                                                                                                                                                                

      

 

скачать