Сауалнама
Астана қаласының азық-түлік белдеу аясында ауыл шаруашылығын дамытуға не кедергі болады?

Нәтижелерді көрсету

Who's online

There are currently 0 users and 0 guests online.


29.11.17

Тракторларды және машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу" 

 

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 

1. Машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұқасын алу, өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл) тіркеу және тіркелген кепілдің қүйін тоқтату үшін өтініш беруші тіркейтін органға мынадай құжаттарды ұсынады:

2. Нысан бойынша өтініш;

3. Жеке басын куәландыратын құжат, ал өкілі – оның өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

4. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық көдексі) белгіленген тәртіппен бюджетке растайтын құжат;

5. Кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу жағдайын қоспағанда, кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге шарттың түпнұсқасын (салыстырып тексеру) және көшірмесін, не өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарт (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл);

6. Барлық меншік иелерінің (егер машина ортақ меншікте болған жағдайда) кепілге қоюға келісетіндігі туралы құжат;

7. Кепіл ұстаушының жазбаша өтініш немесе негізгі міндеттемені орындауды растайтын құжат (кепіл шартының күшін тоқтауды тіркеу жағдайында). Аталған мүліктің басқа кепіл ұстаушылары болған кезде жазбалардың күшін жою оларды хабардар ету туралы құжатты ұсыну бойынша жүргізіледі;

2) порталға жүгінген кезде:

1. Машиналардың кепілін тіркеу, кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұқасын алу, өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының басқа адамға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл) тіркеу және тіркелген кепілдің қүйін тоқтату үшін өтініш беруші тіркейтін органға мынадай құжаттарды ұсынады:

2. Осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш;

3. Өкіл жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

4. Кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптарын қамтитын шарттың электрондық көшірмесі;

5. Барлық меншік иелерінің (егер машина ортақ меншікте болған жағдайда) кепілге қоюға келісетіндігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

6. Жеке басын куәландыратын, бюджетке төленгендігі туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) құжаттардың мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

 

Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы бойынша баж төленеді:

-  Жеке тұлға үшін - 1 АЕК

-  Заңды тұлға үшін – 5 АЕК

Код 105429 РНН  620300000000, БИК   KKMFKZ,  р/с (иик)  KZ24070105KSN0000000  кбе-11  БСН 981140001115    

 

скачать