Сауалнама
Астана қаласының азық-түлік белдеу аясында ауыл шаруашылығын дамытуға не кедергі болады?

Нәтижелерді көрсету

Who's online

There are currently 0 users and 0 guests online.


27.09.16

Елордада Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының күндері өтеді

Елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында өңірлердің күндері өткізіледі. 1-2 қазанда Астанаға Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының өкілдері ат басын тірейді. Астаналықтар өңірлердің ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, ауыл шаруашылық өнімдерін де сатып ала алады, көрмелер мен спектакльдер тамашалайды.

14.09.16

Астанада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының күндері өтеді

Елордада «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Өңірлер күндері жалғасады. 17-18 қыркүйекте «Хан шатыр» СОО жанында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының тауар өндірушілерінің жәрмеңкелері өтеді. Сонымен қатар, бұл күндері өңірлердің мәдени шаралары да ұйымдастырылады.

10.09.16

Астанада Алматы облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін, 10 қыркүйекте Астанада Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының жанында Алматы облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.

07.09.16

Астанада Алматы облысының күндері өтеді

9-11 қыркүйекте «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында Астанаға Алматы облысының делегациясы келеді. Бұл күндері облыстық тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, кітап пен сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, өңір әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттер өтеді, спектакльдер қойылады.

06.09.16

Құрбан айтта мал соятын орындар белгіленді

Елордада санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау үшін құрбандыққа шалынатын малды соятын арнайы орындар белгіленді: «Нұрбереке 555» ЖШС (Алаш тасжолы), «Айсу» ЖШС (Алаш тасжолы, 10 км), «Темеш» ШҚ («Астана – Алаш тасжолы», 7 км), «Агро Өнім Астана компаниясы» ЖШС, «Жайлау» (Алаш тасжолы, 33), «Мақсат 2007» тасжолы (Железнодорожный кенті Ажар к-сі, 20), «Шаушен» ЖШС (Алаш тасжолы, 10 км).

03.09.16

Елордада Қызылорда облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр

Таңертеңнен бері қала тұрғындары мен қонақтары Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының тұрағында өтіп жатқан ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне асыға келуде. Мұнда Қызылорда облысынан әкелінген өнімдердің кең ассортименті төмен бағамен сатылады. Жалпы, 40 сауда шатыры орнатылып, 400 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімі ұсынылып отыр.

29.07.16

Қызылордалық күріш елордаға жеткізіледі

Демалыс күндері Қызылорда облысынан Астанаға күріш жеткізіле бастайды. «Думан» ОО, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион (Кенесары көшесі, 14) және Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының жанындағы тұрақтарда өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде 1 кг үшін 175 теңгеден 20 тонна күріш сатылатын болады.