Сауалнама
Астана қаласының азық-түлік белдеу аясында ауыл шаруашылығын дамытуға не кедергі болады?

Нәтижелерді көрсету

Who's online

There are currently 0 users and 0 guests online.


ММ "Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы"

Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке мәселесі бойынша қабылдау кестесі 

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау күні мен уақыты

Досанов Ардақ Ермағамбетұлы

Басқарма басшысы

Сәрсенбі 15.00 ден  17.00  дейін

Бейсенбі 10.00 ден  12.00  дейін

Ермолдина Гүлмира Тлеубайқызы

Басшының орынбасары

Сәрсенбі 10.00 ден  12.00 дейін

Жұма 16.00 ден 18.00  дейін

-

Басшының орынбасары

Дүйсенбі 16.00 ден 18.00  дейін

Сәрсенбі 15.00 ден 17.00 дейін

Мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11

Факс: 8 (7172) 55-72-99

Телефоны: 8 (7172) 55-69-80

Электрондық пошта: ush@astana.kz 

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы

Басқарма қызметінің негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік функцияларды орындау және елорданың азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Астана қаласының төңірегінде азық-түлiк белдеуін қалыптастыруға көмек көрсету болып табылады.                                                                                                                                                                               

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы «05» қарашадағы № 102-1830 қаулысына қосымша

«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 1.     Жалпы ережелер

1. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында ауыл шаруашылығын басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы  заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.       

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарма қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығындар сметасынан) жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.     

2.     Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Басқарма миссиясы: ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік функцияларды орындау және елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азық-түлік белдеуін қалыптастыруға ықпал ету, Астана қаласының аймағында ветеринариялық бақылауын және қадағалауын орындау.

14. Міндеттері:

1) агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

2) ауыл шаруашылығы саласының жаңа бағыттарын әзірлеу;

3) ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік қызметті дамытуға және қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге жағдай жасау;

4) аграрлық және азық-түлік секторларының оңтайлы және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету;

5) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөнінде кәсіпорындарға консультативтік, ақпараттық және технологиялық көмек көрсетуді іске асыру;

6) ауыл шаруашылық өнімдерін, шикізат және азық-түлік тауарларын өндіретін отандық тауар өндірушілердің Астана қаласының азық-түлік базарларына қол жеткізуін ұйымдастыру шеңберінде мемлекеттік органдар, ұйымдар және түрлі жеке меншік түріндегі кәсіпорындармен өзара қарым-қатынас жасау;

7) Астана қаласының тұтынушылар базарына негізгі азық-түлік өнімдерінің түрлерін тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін жұмыстарды үйлестіру;

8) елорданың агроөнеркәсіп секторын қалыптастыру және дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

9) Астана қаласының агроөнеркәсіп кешенінің дамуын ақпараттық қамтамасыз етуде көмек көрсету;

10) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;

11) Астана қаласының төңірегінде азық-түлік белдеуі бағдарламасын іске асыру мақсатында еліміздің басқа өңірлеріндегі мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынас жасау;

12) Астана қаласының төңірегіндегі азық-түлік белдеуіне қатысушы-тауар өндіруші кәсіпорындардың тауарларының елорданың азық-түлік базарларына шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге қатысты сауда ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіру және оған мониторинг жүргізу;

13) агроөнеркәсіптік кешенінің даму саласында мемлекеттік техникалық инспекциясын жүзеге асыру;

14) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыруға ықпал жасау;

15) жұмысқа қабылдау және қызметкерлерді көтермелеу кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтауға ықпал жасау.

15. Басқарманың функциялары:

1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

3)  денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

4) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;

6) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

7) уәкілетті органмен келісім бойынша Астана қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;

8) Астана қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

9) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру;

11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

12) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;

13) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;

14) Астана қаласының шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

15) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

16) Астана қаласының шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

17) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

18) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды: ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда; экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, Астана қаласының шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;  тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында; экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

19) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

20) жеке және заңды тұлғаларға қатысты орындалуы міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

21) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну;

22) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

23) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

24) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

25) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;

26) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;

27) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;

28) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

29) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

30) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

31) Астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

32) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
         33) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

34) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

35) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

36) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;
         37) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн бекiту;

38) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;

39) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;

40) тендерлік негізде: ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын; мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға сату үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау;

41) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;

42) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;

43) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

44) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

45) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

46) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарайды;

47) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;

48) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгiлейдi;

49) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;

50) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

51) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;

52) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

53) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

54) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

55) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;

56) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;

57) Астана бойынша тұқымдар баланстарын жасайды;

58) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

59) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;

60) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;

61) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

62) тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;

63) Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңның 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;

64) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:  тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша; Астана қаласы үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;

65) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;

66) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

67) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

68) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде: субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын; тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұрады;

69) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

70) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;

71) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен  тәртіпке  сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;

72) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

73) агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;

74) Астана қаласының азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;

75) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;

76) Астана қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде сауда саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

77) ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің тұтынушылар нарығына енуіне қолайлы жағдай жасау;

78) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

79) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

80) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;

81) мыналар: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау); пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу; пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;

82) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып тiркеу, қайта тіркеуден өткізуді жүзеге асыру;

83) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;

84) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

85) тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;

86) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу;

87) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

88) қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын өндіруді, өткізуді және нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы ұйғарымдар беру;

89) Басқарма құзыретіне қатысты түскен құжаттарды қарастыру және оларға сәйкесінше жауаптарды, ақпараттарды және аналитикалық материалдарды дайындау;

90) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

         16. Басқарма  ведомствасының функциялары:

1) жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді;

2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді;

3) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетуді;

4) жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсетуді;

5) құрылысын Басқарма ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстауды;

6) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды;

7) ветеринариялық анықтама беруді;

8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізуді және одан үзінді көшірме беруді;

9) биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізуді;

10) ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар құрады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрау және алу;

2) Басқарма қызметі мәселелері жөнінде Астана қаласының әкімдігіне ұсыныстар ұсыну;

3) шағым жасау, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету;

4) мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарта отырып, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жұмыс топтарын және комиссиялар құру;

5) Басқарма құзыретіне жататын мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жобасын әзірлеп, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс дайындау;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларын талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға құқылы;

7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;

8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3.     Басқарманың қызметін ұйымдастыру

18. Басқарманы басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сонымен қатар Басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтамағаны үшін  дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.

19. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

1) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

2) Басқармада жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі шараларды қабылдайды;

3) Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

4) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

5) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті құқықтық актілер шығарады;

6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

7) өз құзыреті шегінде заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

8) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

9) Басқарма басшысының шешімдері барлық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелер үшін орындауға міндетті болып табылады;

10) Басқарма қабылдайтын шешімдер басшының бұйрықтарымен рәсімделеді.

Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы  заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда  жедел басқару құқығында оқшауланған  мүлкі  болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының занамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы  мемлекеттік кәсіпорын – Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.